Күз...

15.10.2024

Күз... Кейбірейлер бұл кезеңді депрессия, көңілсіздік пен лас уақыты деп атайтын болса, басқалары они жылдың ең жарқын, ең әдемі мезгілі ретінде көреді. Күздің сиқырлы сәттерін барынша әсерлі көрсету үшін қазанның екінші онкүндігінде «Ең жақсы күзгі фотосурет» байқауы жарияланды. Фотоконкурстың мақсаты: студенттерді табиғаттың сұлулығын көруге тарту және оны қазылар алқасына тапсыру. Қазіргі таңда студенттер фотосуреттерді арнайы фильтр бағдарламалары арқылы өңдеуге әдеттеніп, шынайылықтан алыстап кетеді. Қатысушылар өздерінің барлық шығармашылықтарын толыққанды көрсете отырып, қазылар алқасына күннің батуынан бастап, күзгі жапырақтардағы фотосессияға дейінгі күзгі табиғаттың алуан түрлі фотосуреттерін ұсынды. Байқау қорытындысы: 1 орын 14 топ, 2 орын 12 топ, 3 орын 30 топ. Сондай-ақ, «Ерекше нәрсені көру қабілеті үшін» жеке номинациясында 18 топтың студенті Қазанбаева Айгүл, «Көңіл-күй-жарқын күз» номинациясында 23 топ, «Мен сені сүйемін, Күз!» номинациясында 21 топ , « Күз ханшайымы» номинациясында 31 топ жеңіске жетті. Барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная